17 тамыз 2019 11:10

Атамбаевтың пәтерлеріндегі тұрғындар баспананы қалай сатып алғанын айтты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Марат Уралиев Сурет: Марат Уралиев

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа және оның жақын туыстарына тиесілі көппәтерлі үйдің тұрғындары баспананы қалай сатып алғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа және оның жақын туыстарына тиесілі көппәтерлі үйдің тұрғындары баспананы қалай сатып алғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта бұрынғы президенттің барлық мүлкіне тыйым салынды. 16 тамызда Бас прокуратура Алмазбек Атамбаевтың және оның жақын туыстарының мүлкінің тізімін жариялады. Тізімде "Қырғызавтомаш" ААҚ меншігінде көппәтерлі үй мен 18 пәтер бар. Ол Бішкекте Джал-23 деп аталатын ауданда орналасқан.


Сурет: Марат Уралиев

№ 77 үйдегі тек бір бөлмелі пәтерлер Атамбаевтың басшылығымен "Қырғызавтомашта" жұмыс істеп жүрген кезде салынған. Осы үйдің тұрғындарының айтуынша, бұрын олар "Қырғызавтомашта" жұмыс істеген, барлық пәтерді компания қызметкерлері 1996 жылы сатып алған, олардың қолында барлық құжат бар.

Кейбіреулер жылжымайтын мүлікті сатып жіберген, енді пәтердің жаңа иелері бар.

Еске салсақ, ҚР Әділет министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, 2004 жылдан 2005 жылға дейін "Қырғызавтомаш" корпорациясының директорлар кеңесінің төрағасы Алмазбек Атамбаев болған. Қазіргі уақытта ол жұмысқа араласпайды, алайда "Қырғызавтомаш" корпорациясына кіретін бірқатар кәсіпорындарды оның ұлдары басқарады. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети