Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Атышулы Charlie Hebdo журналына Media Award сыйлығы берілді

18 Қыркүйек 2015, 11:06
0
© kommersant.ru
© kommersant.ru

Француздардың сатиралық Charlie Hebdo журналы M100 Media Award сыйлығына ие болды, ол соңғы кездері арандатушылық мәндегі бірқатар карикатураны жариялаған болатын, - деп хабарлайды РИА Новости немістердің Welt басылымына сілтеме жасап. Бұл сыйлық сөз бостандығын дамыту, адам құқығы үшін күрес және демократияны қорғау бойынша 2005 жылдан беріліп келеді. Айта кетейік, өткен жылы бұл сыйлық украиналық саясаткер Виталий Кличкоға табысталды.

Сыйлық журналдың бас редакторы Жерар Биарға 17 қыркүйек күні немістің Потсдамында өткен M100 Sanssouci Colloquium халықаралық конференциясы барысында табыс етілді.

Өз кезегінде Биар соңғы кездері әлемдік қауымдастықта сынға жиі ұшырап жүрген журналын қорғап, сөз сөйледі. Редактордың айтуынша, сатира әрдайым шындықты көрсетеді. "Сатира шокқа әкеп соғуы тиіс", - деді Биар.

Еске сала кетейік, таяуда журналда Түркия жағалауында жатқан, суға батып кеткен сириялық баланың суреті жарияланды. Ол жарияланым қоғамдық сынға ұшырады. Журналдың басты бетіне өлі баланың бетімен құмда жатқаны салынған. Сонымен қатар, мынадай жазбасы бар: "Мақсатқа тым жақын". Жанында McDonald's-тің жарнамасы тұр, жазбасы мынадай: "Балаларға арналған екі мәзір біреуінің бағасымен". Екінші карикатурада Иса пайғамбар бейнеленген, ол суда кетіп бара жатады, ал өліп қалған бала басын төмен салып жүзіп барады. Сонымен қатар, мынадай жазбасы бар: "Христиандар суда жүреді, ал мұсылман балалары батады".

Айта кетейік, ұл бала қыркүйек айында босқындар мінген қайық аударылған кезде қайтыс болды. Баланың суреті әлемдік ақпарат құралдарында пайда болып, қоғамдық резонанс тудырды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай