04 қаңтар 2020 12:23

Аустралияда орман өртінен 480 миллион аң-құс қырылып қалды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Аустралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орман өртінен 500 миллионға жуық аң-құс қырылып қалған, - деп хабарлайды "Хабар 24".


Аустралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орман өртінен 500 миллионға жуық аң-құс қырылып қалған, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Сидней университетінің ғалымдары осылай деп отыр. Мамандарды әсіресе, коалалар алаңдатып отыр. Өйткені елдің оңтүстік-шығыс өңіріндегі тілсіз жау кесірінен олардың саны 33 пайызға азайған.

Айта кеткен жөн, Аустралияда өткен жылдың күзінен бері орман өрті ырық бермей тұр. Жаңа Оңтүстік Уэльс және Виктория штаттарында төтенше жағдай тәртібі енгізілді. Өңірде жаппай эвакуация жарияланған. 20-ға жуық адам қаза тапты. Тағы осыншамасы із-түзсіз жоғалып кеткен. Тілсіз жау шарпыған аумақ 5 миллион гектардан асады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети