08 қараша 2017 10:32

Ауырып жүрген күйеуіне дәрі апармақ болған ұлыбританиялық әйел өлім жазасына кесілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vinegret © Vinegret

Ұлыбританиялық Лора Палмер өзінің күйеуіне ауырғанды басатын трамадол дәрісін алып келе жатқан. Алайда Мысырда бұл дәрі есірткі аналогы ретінде саналатындықтан 33 жастағы әйелді полиция ұстап әкеткен. Енді ұлыбританиялық әйел өлім жазасына кесілуі мүмкін, - деп хабарлайды segodnya.ua сайты The Guardian басылымына сілтеме жасап. 

Палмер мысырлық Омар атты ер адаммен төрт жыл бұрын жұптасқан екен. Әйелдің сөзінше, ол дәрілерді күйеуіне апара жатқан, өйткені біраз уақыттан бері оның белі қатты ауырады екен. Ол тіпті дәрілерді жасырмағанда. Өйткені өзін қандай да бір заңсыз әрекет жасап отырмын деген ойда болмаған. 

Басылымның жазуынша, әйелге есірткі тасымалы, жезөкшелік және адам өлтіруге оқталу айыбы тағылған. Сонымен қатар, оған арабша жазылған бір құжатқа қол қойдырып, адам толы камераға жауып тастаған. 

Палмердің отбасы оған көмектесуге тырысқанымен нәтиже шығар емес. Өйткені оларға көмектесеміз деген мысырлық алаяқтар отбасының ақшасын алдап алып кеткен. Олар өздерін адвокат ретінде таныстырған. Абақтыда отырғанына бір ай болған әйел өзіне қол салмақ ниетте.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети