Австралиядағы сегіз баланың өліміне оның анасы кінәлі болуы мүмкін

20 Желтоқсан 2014, 10:33
0

Полиция Австралияның Кэрнс қаласында сегіз баланы өлтірді деген күдікпен бір әйелді тұтқындады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бұл оқиғаға қатысы бар болып шыққан 37 жастағы көпбалалы әйел кісі өлтіру дерегі бойынша тұтқындалды және қазіргі уақытта Кэрнс ауруханасында полицияның қадағалауында отыр", - деді полицейлер. Әйелге әзірше ешқандай айып ресми түрде тағыла қойған жоқ.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қазіргі уақытта әйел тергеуге жәрдем беріп отыр. 

Еске сала кетейік, сегіз баланың өлімі 19 желтоқсан күні болды. Жергілікті полиция қаза тапқан балалардың ең кіші 18 айда, ең үлкені 15-те екенін хабарлады. Оларға пышақ салынған және тұншықтырылған. Оқиға орнынан пышаққа жығылған тірі әйел табылып, ауруханаға жеткізілген болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай