Австриялық студент Facebook-ті ҰҚА-мен бірлескені үшін сотқа бермек

02 Тамыз 2014, 16:41
0

 Австриялық студент Facebook әлеуметтік желісін сотқа бермек, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. Студент-заңгер Макс Шремс  Facebook әлеуметтік желісін АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігімен серіктес болғаны үшін сотқа коллективті шағым түсірмек. 

Шремстің пайымдауынша,  PRISM желісінің жаңа бағдарламасы аясында қолданушылар туралы ақпарат жинау үшін  Facebook АҚШ ҰҚА-мен бірлесіп жұмыс істеуде. Мәлім болғанындай, шағымда желідегі ақпараттарды қолдану мен қолданудан бас тартуға қатысты әдістің жоқ екендігіне, қолданушыларға қатысты ақпаратты өзге ұйымдарға тарату мүмкіндігінің бар екеніне баса назар аударылмақ. 

Австриялық азаматтың сөзіне қарағанда, ирландиялық қауіпсіздікке қатысты лауазымды тұлғалар еуропалық заңға бағынбағандарға немқұрайлылық танытқан болатын, ал бұл оларға саяси қысым болуы мүмкін еді. "Біз алдымен Ирландияда үлкен жетістікке жеттік. Біздің шағымымыздан кейін Facebook әлем бойынша қолданушыларға қатысты деректерді анықтау функциясын өзгертті. Алайда кейін белгілі болғандай Ирландия билігі мұндай өзгертуге аса қызығушылық танытпаған", дейді студент.

Айта кетейік австриялық студент Макс Шремс әлеуметтік желілердегі жеке қолданушыларға қатысты деректерді қорғауға бірінші рет атсалысып отырған жоқ. ЕО заңына сәйкес Еуропалық Одаққа мүше елдердің әрбір азаматы өзі туралы жинақталған ақпараттардың көшірмесін талап етуге құқығы бар. Сонау 2011 жылы Шремс Facebook-тен өзіне қатысты ақпараттар мен жазбалары жинақталған 1200 беттік электрондық құжат алған болатын.  

 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай