22 маусым 2017 09:13

Австрияның СІМ басшысы мұсылмандарға арналған балабақшаларды жауып тастауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Себастьян Курц. © REUTERS/Leonhard Foeger Себастьян Курц. © REUTERS/Leonhard Foeger

Австрияның СІМ басшысы әрі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы Себастьян Курц мұсылман отбасыларынан шыққан балаларға арналған балабақшаларды жауып тастауды ұсынды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Kurier басылымы ұйымдастырған пікірталас клубының жүргізушісі қойған сұраққа жауап берген ол былай деді: "Әрине. Қажеті жоқ. Мұсылман балаларға арналған балабақша болмауы тиіс". 

Оның пікірінше, мұндай балабақшалар мәдени және тіл тұрғысында оқшауланған.

Еуропа Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ірі көші-қон дағдарысына ұшырап жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы және Солтүстік Африка елдеріндегі қарулы қақтығыстар мен экономикалық проблемалар себеп болып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети