13 шілде 2020 10:38

Әзербайжан мен Армения шекарасында қақтығыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © РИА Новости. Автор Владимир Астапкович Фото © РИА Новости. Автор Владимир Астапкович

Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Армениямен шекарада минометпен атыс болғанын мәлімдеді. Бакудың ақпараты бойынша, Әзербайжанның үш жауынгері қаза тауып, армян әскерилері зардап шеккен. Ал Арменияның Қорғаныс министрлігі әзірбайжандық әскерилердің оларды басып алмақшы болғанын айтады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Әзербайжанның Қорғаныс министрлігі Армениямен шекарада минометпен атыс болғанын мәлімдеді. Бакудың ақпараты бойынша, Әзербайжанның үш жауынгері қаза тауып, армян әскерилері зардап шеккен. Ал Арменияның Қорғаныс министрлігі әзірбайжандық әскерилердің оларды басып алмақшы болғанын айтады, - деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, төтенше жағдай кеше, жексенбіде Әзербайжанның Товуз ауданы мен Арменияның Тавуш облысымен шекаралас жерде болған.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі дүйсенбіде түнгі уақытта армян әскерилерінің шекарада ауылға оқ атқанын мәлімдеген.

"Арменияның қарулы күштері Товуз ауданының Ағдам ауылына 120-миллиметр минометтен оқ жаудырды. Қазіргі уақытта майдан желісі бойындағы жедел жағдай біздің әскерлеріміздің бақылауында. Біздің әскерлер жаудың осы арандатуына қарсы қатаң жауап шараларын қабылдайды", - деді Әзербайжанның баспасөз қызметіндегілер.

Армения Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Шушан Степанян Facebook желісіндегі парақшасында Әзербайжан тарапынан түрлі атыс жасалып жатқанын жазды. Дегенмен, оның айтуынша, қарсыластың барлық әрекеті бейтараптандырылады.

Айта кетейік, Желіде Әзербайжан мен Армения шекарасында болған қақтығыстың видеосы тарап жатыр.

Кейінірек Арменияның қорғаныс министрі Давид Тоноянның ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасымен сөйлесу барысында әскерлерге Әзербайжанмен шекарада ұстамдылықты сақтауға, ал Армения шекарасында қарсыластың арандатуы жағдайында "қажеттілігіне қарай, тіпті жаңа қолайлы ұстанымдарға дейін әрекет ету керегін айтқаны белгілі болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети