29 желтоқсан 2016 19:24

БАҚ: Анкарадағы елшінің қаза табуына Ресей азаматшасының қатысы болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости. Илья Питалев © РИА Новости. Илья Питалев

Тергеушілер Мәскеуде Түркиядағы ресейлік елші Андрей карловты өлтірген қылмыскермен көңілдес болған әйелден сұрау алды, - деп хабарлайды Hurriyet газеті. 


Тергеушілер Мәскеуде Түркиядағы ресейлік елші Андрей карловты өлтірген қылмыскермен көңілдес болған әйелден сұрау алды, - деп хабарлайды Hurriyet газеті. 

Құқық қорғау органдарындағы дереккөз мәліметінше, тергеу барысында Мевлют Алтыншашпен байланыста болған, қазіргі уақытта Мәскеуде тұратын Ресей азаматшасын тапқан. Біраз уақыт бойы әйел Анкарада тұрған, ол қылмыскермен көңілдес болған. Карловқа шабуыл жасалғанға дейін ол Түркиядан кетіп қалған. 

Басылым мәліметінше, ресейлік тергеу органдары әйел адамды тауып одан сұрау алған. Әйел өзінің Мевлют Алтыншашпен бір уақытта қарым-қатынаста болғанын жасырмаған. 

Еске салайық, Ресейдің Түркиядағы елшісіне шабуыл Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында жасалды. Куәгерлердің айтуынша, мекемеге қарулы адам кіріп келіп, дипломаттың артынан оқ атқан. 62 жастағы дипломатқа мінберде сөз сөз сөйлеп тұрғанда жасалған. Полицейлер оған шабуыл жасаған адамның көзін жойды. Бұл оқиғаны түрік телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатқан. Кейін ҚР СІМ Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандық туралы пікір білдірді.

Кейінірек Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Түркиядағы елшісінің қазасына көңіл айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети