Балиге қонған ұшақты ешкім басып алған жоқ

25 Сәуір 2014, 15:40
0

Бали халықаралық әуежайына қонған жолаушылар ұшағын ешкім басып алған жоқ, - деп хабарлайды РИА Новости Detik.com ақпарат порталына сілтеме жасап.

Әуежай диспетчерлері Virgin Blue ұшағының қонарынан бір сағат бұрын басып алу әрекеті туралы дабылды қабылдаған. Бұған дейін ұшақты белгісіз біреулердің басып алғаны хабарланған болатын. Жолаушылардың бірі пилот кабинасына кіруге талпынғандықтан, экипаж айдап әкету әрекеті туралы дабыл қаққан.

Бірақ кейін жергілікті телеарна ұшақтың басып алынбағанын хабарлады. Ақпарат құралының мәліметінше, бір мас жолаушы пилоттың кабинасына кірмек болған. "Франс Пресс" агенттігі де экипаждың мас жолаушының кінәсінен басып алу әрекеті туралы дабыл қағуға мәжбүр болғанын растады.

Қазіргі уақытта жолаушы тұтқындалды, оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Австралияның Брисбен қаласынан Балиге қатынаған жолаушылар ұшағы әуежайдың ұшу-қону жолағында тұр. Индонезия азаматтық әуежайлары жетекшілерінің бірі мұндай оқиғадан кейін ұшақтар арнайы шаралар жүргізу үшін ерекше аймаққа орналастырылатынын хабарлады.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай