13 маусым 2017 12:09

Бангладеш бас консулының орынбасары АҚШ-та құл ұстаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Faktru.com © Faktru.com

Бангладештің АҚШ-тағы бас консулының орынбасары еңбек күшін заңсыз пайдаланды деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды "Life.ru" жергілікті NY Daily News агенттігіне сілтеме жасап. 


Бангладештің АҚШ-тағы бас консулының орынбасары еңбек күшін заңсыз пайдаланды деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды "Life.ru" жергілікті NY Daily News агенттігіне сілтеме жасап. 

Нью-Йорктің Кунис ауданының прокуратурасының Мохаммед Шахельдул Исламға қатысты қозғаған іс материалдары бойынша, дипломат ер адамның құжаттарын тартып алып, тегін жұмыс істеткен және үнемі ұрып-соғып отырған. 

Прокурор Ричард Браунның сөзінше, 45 жастағы дипломат "жұмыс істеген адамға ақы төлеуден бас тартумен қоса, оған күш қолдану мен қорқыту бойынша" да айыпталып отыр. Бас консулдың орынбасары Бангладеш азаматына АҚШ аумағына кіруге көмектескен, осыдан кейін оның құжаттарын тартып алып, жұмысқа салып қойған. Ал ер адам қарсы шықпас үшін оны елден шығарамын және отбасыңды қырып саламын деп қорқытқан. 

Іс сотқа жолданып, алғашқы сот отырысы 28 маусымға белгіленген. Егер Мохаммед Шахельдул Исламның кінәсі дәлелденсе, ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети