24 қазан 2015 12:05

Бангладеште болған жарылыстан 12 жастағы бала қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бангладеш елордасы Дакка қаласында болған жарылыстан 100 адам жарақаттанып, 12 жастағы бала қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті полицияға сілтеме жасап.


Бангладеш елордасы Дакка қаласында болған жарылыстан 100 адам жарақаттанып, 12 жастағы бала қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Болжам бойынша, белгісіз біреулер Ашура күнін тойлау кезінде Хуссани Далан мешітіне жарылғыш зат тастап жіберген. Жәбірленгендерге көмек көрсетіліп жатыр. Айта кетейік, лаңкестік әрекетті әзірше ешқандай ұйым мойындаған жоқ.

Еске сала кетейік, 13 қазан күні Израильде де бірнеше теракт қатарынан болған еді. Сол аптада Израильде палестиналықтардың өткіншілерге шабуылдау дерегі көп тіркелді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети