10 шілде 2015 15:40

Бангладеште тегін киімге таласу кезінде 17 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Rusnovosti.ru © Rusnovosti.ru

Бангладеште тегін киімге таласу кезіндегі қыспақтан 17 адам қаза тапты, - деп хабарлайды BBC Russian жергілікті полицияға сілтеме жасап.


Бангладеште тегін киімге таласу кезіндегі қыспақтан 17 адам қаза тапты, - деп хабарлайды BBC Russian жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, елдің солтүстігінде орналасқан Мименсингх қаласындағы темекі фабрикаларының бірінің иесі кедейлерге тегін киім таратуды ұйымдастырған. Нәтижесінде фабрика ғимаратына жүздеген адам келіп, қақпаның алдында адамдар арасында сығылысу пайда болған. Қазіргі уақытта полицейлер 7 адамды қамауға алды. Олардың ішінде фабриканың иесі де бар. Билік қаза тапқандардың санының ұлғаюынан қауіптеніп отыр. 

Айта кетейік, Рамазан айында Бангладеш елінің ауқатты адамдары кедейлерге тегін киім таратуды жиі ұйымдастырады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети