26 қазан 2014 10:13

Батыс елдері әйелді жазалау туралы шешім шығарғаны үшін Иранды сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ пен Ұлыбритания билігі өзін зорламақ болған ер азаматты өлтірген ирандық әйелді өлім жазасына кесу туралы шешім шығарғаны үшін Тегеранды қатаң сынға алды, деп хабарлайды "Русская служба BBC".


АҚШ пен Ұлыбритания билігі өзін зорламақ болған ер азаматты өлтірген ирандық әйелді өлім жазасына кесу туралы шешім шығарғаны үшін Тегеранды қатаң сынға алды, деп хабарлайды "Русская служба BBC".

Халықаралық ұйымдардың Иран билігін өлім жазасынан бастартуға шақырғанына қарамастан 26 жастағы Рейхане Джаббариді әйелдерге арналған түрменің ауласында дарға асқан. Рейхане Джаббари сотты ол бұл қадамға тек өз өзін қорғау мақсатында барғанына сендіре алмады.

Рейхане Джаббари  иран барлау қызметінің бұрынғы өкілі Мұртаза Абдулали Сарбандиді өлтіргені үшін 2007 жылы қамауға алынған болатын. Сотта ол Абулали Сарбандидің арқасына пышақ салғанын, алайда үйде олардан бөлек тағы бір адамның болғанын және кісі өліміне нақ сол адамның қатысы барын айтып ақталған. Джаббари ұсталған бойда жалғыз кісілік камераға қамалған. Ол онда екі ай бойы не отбасы мүшелерімен, не қорғаушысымен байланысқа шыға алмапты. Ал 2009 жылы ол Тегеранда өлім жазасына кесілген екен. 

БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, Иранда тек ағымдағы жылдың өзінде ғана өлім жазасын орындау туралы 250 шешім шығарылған екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети