06 қазан 2014 12:58

Байден террористерге қолдау көрсетті деп айыптаған БАӘ-нен кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ вице-президенті Джозеф Байден Біріккен араб әмірлігі "Ислам мемлекеті" жауынгерлеріне қолдау көрсетті және қаржыландырды деп айтқаны үшін БАӘ-нен кешірім сұрады, - деп хабарлайды WAM.


АҚШ вице-президенті Джозеф Байден Біріккен араб әмірлігі "Ислам мемлекеті" жауынгерлеріне қолдау көрсетті және қаржыландырды деп айтқаны үшін БАӘ-нен кешірім сұрады, - деп хабарлайды WAM.

Байден Әбу Дабидің мұрагер ханзада Мұхаммед бен Заид Аль Нахайянмен телефон арқылы болған әңгімесінде БАӘ аймақта кейбір террористтік ұйымдардың дамуына жағдай жасады деген өзінің мәлімдемесі үшін кешірім сұрады. Байден БАӘ-нің терроризм және экстремизмге қарсы күрес мәселесіндегі тарихи рөлін АҚШ-тың жоғары бағалайтынын жеткізді. 

Еске сала кетейік, Байден Гарвард университетінің студенттерімен кездесуінде АҚШ-тың Таяу Шығыстағы мәселелерінің бірі оның одақтастары Сириядағы жауынгерлеріне қолдау көрсетіп отыр деп мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Түркия, Сауд Арабиясы және Біріккен араб әмірлігі билікті құлату үшін Сирия президенті Башар Асадтың дұшпандарына жүздеген миллион доллар, он мыңдаған тонна қару-жарақ жіберген. 

Кейіннен БАӘ Байденнің бұлай дәйексіз сөйлеуі елге жағымсыз әсер ететінін айтып, оның ресми түрде түсіндіріп беруін талап еткен. Мұның алдында Түркия да осындай мәлімдеме жасаған болатын. Байден Түркия президенті Тайып Ердоғаннан да кешірім сұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети