21 қаңтар 2015 20:35

Беларусь ОСК басшысы: Президент сайлауынан кейін толқу болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Беларусь туы. ©salihorsk.info Беларусь туы. ©salihorsk.info

Беларусь Орталық сайлау комиссиясының басшысы Лидия Ермошина биылғы президент сайлауынан кейін 2010 жылғыдай толқулардың болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. 2010 жылғы президент сайлауынан соң Минскінің орталығында наразылық шарасы болып, ол күшпен таратылған еді. 


Беларусь Орталық сайлау комиссиясының басшысы Лидия Ермошина биылғы президент сайлауынан кейін 2010 жылғыдай толқулардың болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости. 2010 жылғы президент сайлауынан соң Минскінің орталығында наразылық шарасы болып, ол күшпен таратылған еді. 

Беларусьте кезекті президент сайлауы өтетін уақыт тамыз айында жария етіледі. Әзірше ол 15 қарашада болуы мүмкін деп шамаланып отыр. Сәрсенбі күні Минскіде онлайн-конференция кезінде Ермошина 2010 жылғы оқиғалардың адамдардың шынайы наразылығы емес, арнайы ұйымдастырылған шара екенін айтты. "Бұл - сайлауалды үгіт-насихат кезеңі ішіннде сайлау нәтижесінің қандай болуы мүмкін екеніне қарамастан, алдын ала дайындалған акция", - деді ОСК басшысы. Оның айтуынша, президенттіктен үміткерлер сайлаушыларын келісілмеген наразылық шарасына қатысуға шақырған. 

"Егер алдағы сайлау науқаны кезінде мұндай адамдар пайда болса, бұл идеология дәл сол кездегідей ынталандырылатын, соның ішінде қаржылай ынталандырылатын болады, қоғамдық тәртіпті тұрақсыздандыруға бағытталған оқиғалар қай кезде де болуы мүмкін", - деді Ермошина. 

Еске салайық, 2010 жылы 19 желтоқсанда Беларусьте президент сайлауы өткеннен кейін мыңдаған адам Минскідегі Тәуелсіздік алаңына шығып, наразылық білдірді. Кейбір бүлікшілер Үкімет үйіне баса-көктеп кірмек болды. Күш құрылымдары жиналғандарды мәжбүрлеп таратты. Жүздеген адам ұсталды, ондаған адам, соның ішінде сайлауға түскен бірнеше үміткер де қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Өткен жылдың күзінде ел президенті Александр Лукашенко "егер 2010 жылдың желтоқсанында күш құрылымдары келісілмеген наразылық шарасын күшпен таратып жібермегенде, Украинадағыдай ахуал қалыптасуы ықтимал" екенін мәлімдеді. 
 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети