02 тамыз 2015 12:26

Бельгияда аптаптан бір апта ішінде 410 адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©strangeworlds.at.ua ©strangeworlds.at.ua

Бельгияда аптаптан бір апта ішінде 410 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Comandir.com Бельгияның Денсаулық сақтау ғылыми зерттеу институтына сілтеме жасап.


Бельгияда аптаптан бір апта ішінде 410 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Comandir.com Бельгияның Денсаулық сақтау ғылыми зерттеу институтына сілтеме жасап.

Мамандар ыстық ауа райынан қариялардың, сонымен қатар, созылмалы дертке шалдыққандардың, яғни жүрек-қантамырлар жүйесі ауруына шалдыққандар мен артериалық қысымы жоғары адамдардың зардап шегетінін ескертіп отыр.  

Сонымен бірге, Еуропада температураның осылай күрт көтеріліп, ұзақ уақытқа созылған жағдайының 2006 жылы тіркелгені айтылады. Сол жылы ауаның жоғарғы температурасы үш аптаға дейін созылыпты. Зерттеу орталығының жұмысшылары мұндай жағдайдың Франция мен Нидерландыда да бақыланып отырғанын хабарлады.

Сонымен, аптаптан қаза болғандардың басым бөлігі 85 жастан асқандар, олардың өлімінің көрсеткіші отыз пайызға көтерілген. Мұнымен бірге, осындай ыстықтан көптеген тұрмыс техникасының және банкоматтардың істен шығатыны айтылады.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети