Bild 150 адамды опат қылған пилоттың соңғы хатын жария етті

06 Наурыз 2016, 13:53
0
Bild 150 адамды опат қылған пилоттың соңғы хатын жария етті -

Немістің Bild деп аталатын газеті Францияның оңтүстік-шығысында 150 адамды опат қылған пилот Андреас Лубитцтің соңғы хатын жария етті. 

Germanwings әуе компаниясының пилоты қайғылы оқиға болатын күннің алдында бұл хатты дәрігеріне жазған. Онда Лубитц соқыр болып қалу қаупіне қатты алаңдайтынын және түнде екі сағат қана ұйықтап жүргенін, кейде тіпті ұйқысыз өткізетінін жазған.  

"Мен соңғы екі апта ішінде Mirtazapin (күйзеліске қарсы ауыр дәрі) қолданып жүрмін, бірақ 15 миллиграмм мөлшерінің еш әсері болмай, мен оны 30 миллиграммға дейін көбейттім. Осы мөлшерлеуден сәл болса да уайымнан арылдым, бірақ кейде көру қабілетімнің нашарлағанына қобалжимын. Өкінішке қарай, Martizapin ішкеннен кейін ұйқым жақсармады, тіпті де ұйықтай алмайтын түндерім бар. Түнде ең көп ұйықтағаным екі-ақ сағат болды (қазіргі уақытта мұның өзі жиі болады). Осыдан кейін соқыр болып қаламын деп қорқамын, осы ой кетер емес, осы ойдың айналасынан шыға алмай, күйзеліске ұшырадым. Күндіз де көз проблемасына байланысты қалыпты өмір сүруден қалдым, себебі кез келген жағдай осыны еске салады", - деп келтіреді хаттың мәтінін РИА Новости.

Пилот "ақтың бұрынғыдай ақ түс болып көрінбейтінін және көру үшін жарық қажет" екенін айтады. 

"Қиын жағдайыма қарамастан, ұйқымның тыныш болуына және күйзелісімді жеңуге қол жеткізуім керек. Бұл өте қиын болады, себебі көру қабілетім айтарлықтай бұзылған. Мен жаттанды техниканы қолданамын (бұлшықеттердің әлсіреуі), ол маған соңғы рет көмектескен еді. Бірақ бұл, өкінішке қарай, жеткіліксіз", - делінген хатта.

Еске салайық, 2015 жылдың наурызында 27 жастағы неміс пилоты Андреас Лубитц Барселонадан Дюссельдорфқа ұшып шыққан Airbus A320 ұшағын қасақана құлатқан еді. Бортта болғандар мен экипаж мүшелері түгелдей қаза тапты - 150 адам. Әуе апатынан қаза тапқандардың ішінде қазақстандық отбасы да болған - Ербол Иманқұлов, Айжан Есенғалиева және олардың баласы Әділ. 

Тергеу барысында Лубитцтің психиатрлар мен психологтарға күйзелісіне байланысты көрінгені анықталған. Әуе апатына дейінгі бір ай ішінде ол 41 дәрігерге барған. Пилот көзінің көрмейтінін, ұйқысыздыққа шалдыққанын және суицид жайлы ойлайтынын айтқан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай