18 сәуір 2018 09:54

Блогер апатқа ұшыраған ұшақ бортынан тікелей эфирге шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Америкалық блогер Марти Мартинез апатқа ұшыраған ұшақ бортынан Facebook арқылы тікелей эфирге шықты.


Америкалық блогер Марти Мартинез апатқа ұшыраған ұшақ бортынан Facebook арқылы тікелей эфирге шықты.

Видеодағы кадрлардан блогердің терезе жақта оттегімен демалу маскасын киіп отырғаны көрінеді.

"Ұшақ апатқа ұшырайын деп жатыр! Біз төмен түсіп жатырмыз! Апатты жағдайда қонайын деп жатырмыз! Southwest әуе компаниясының Нью-Йорк- Даллас рейсі", - деп жазды блогер.

Кейінірек ол ұшақтың қозғалтқышы жарылып кеткенін жазды. Нәтижесінде жолаушылардың бірі қаза болған.

РИА Новости мәліметінше, бұл оқиға Southwest Airlines әуе компаниясының 1380 нөмірлі рейсімен болған. Boeing 737-700 бортында 143 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болғаны анықталды. Ұшақ Филадельфияға шұғыл түрде қонуға мәжбүр болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети