Bloomberg: Әлемдегі ең бай адамдар Трамптың кесірінен 35 миллиард доллардан айырылды

18 Мамыр 2017, 13:17
0
Bloomberg: Әлемдегі ең бай адамдар Трамптың кесірінен 35 миллиард доллардан айырылды - © RT
© RT

Әлемдегі ең бай адамдар АҚШ президерті Дональд Трампқа қатысты даудан кейін 35 миллиард доллардан айырылды, - деп жазады Bloomberg.

Әлемдегі ең бай адам Билл Гейтс бір күннің ішінде бір миллиард доллардан айырылған. Amazon құрылтайшысы Джефф Безос (83,6 миллиар доллар) 1,7 миллиард доллардан айырылған. Ал Zara қожайыны Амансио Ортеганың қаражаты 325 миллион долларға азайған.

Ал ең көп зардап шеккен Facebook әлеуметтік желісінің құрылтайшысы Марк Цукерберг бір күн ішінде екі миллиард доллардан қағылған. Оның компаниясының акциялары арзандап кеткен.

Америкалық қор индекстері АҚШ президенті Федерал тергеу бюросының директоры Джеймс Комиді жұмыстан босатқаннан кейін түсіп кеткен.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай