01 қараша 2014 13:15

"Боко Харам" жауынгерлері зорлықпен алып кеткен оқушы қыздарды күштеп күйеуге беруде

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нигерияда "Боко Харам" террорлық ұйымының жауынгерлері зорлықпен алып кеткен оқушы қыздарды күштеп күйеуге беруде, деп хабарлайды РИА Новости.


Нигерияда "Боко Харам" террорлық ұйымының жауынгерлері зорлықпен алып кеткен оқушы қыздарды күштеп күйеуге беруде, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы "Боко Харам" ұйымының жетекшісі Әбубакар Шекау өзінің бейнеүндеуінде мәлім етті. Мұның алдында ол осы жылдың сәуір айында зорлықпен алып кеткен қыздарды тұтқынға алынған жауынгерлермен алмастыруды ұсынған болатын. Алайда ел билігі бұл ұсынысқа келісуден бас тартқан. Қазіргі таңда 57 оқушы қыз өз отбасыларымен қайта қауышқан, ал 219 қызды жауынгерлер кепілде ұстап отыр. Шекаудың айтуынша, 219 қыздың барлығы да ислам дінін қабылдаған және күштеп күйеуге берілген. 

Сондай-ақ Шекау Нигерия үкіметімен жасалған бітімгершілік туралы ақпарат шындыққа сай келмейтінін мәлімдеді. Мұның алдында Нигерия Қарулы күштері қорғаныс штабының бастығы Алекс Бадех "Боко Харам" ұйымымен келісімге келгені туралы хабарлаған болатын. Алайда Шекаудың сөзінше, Нигерия билігінің бітімгерлікке қатысты барлық мәлімдемелері жалған екен. Тіпті ол биліктің бұл әрекеті алда болу мүмкін кез келген келісу мүмкіндіктерін болдырмай қоюға итермелейтінін жеткізді.

"Боко Харам" - Нигерияда белсенді әрекет етіп жатқан исламисттік радикалды топ. Олардың жауынгерлері батыстық білім беру үлгісіне қарсы шығып, барлық елге шариғатты енгізуге ұмтылып отыр. Нигерия Президенті Гудлак Джонатан бұдан бір жыл бұрын "Боко Харам" жауынгерлерінің шабуыл жасау қатеріне байланысты бірқатар штаттарда төтенше жағдай енгізу туралы хабарлаған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети