06 мамыр 2015 15:32

Болливудтың танымал жұлдызы бес жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Lenta.ru @Lenta.ru

Болливуд жұлдызы Салман Хан қаңғыбасты көлігімен қағып өлтіргені үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Lenta.ru BBC News басылымына сілтеме жасап. 2002 жылы болған оқиға кезінде актер оқиға орнынан қашып кеткен.

Басылымның мәліметінше, актер қылмысқа өзінің қатысы жоқ екенін, ол кезде көлік тізгінінде жүргізушісі болғанын айтты. Дегенмен судья оның айтқандарын теріске шығарып, оқиға кезінде Салман Хан автомобилін мас күйде басқарғанын мәлімдеді. Салман Ханның қорғаушылары оған сот шешіміне қарсы арыздануға кеңес берді.

Айта кетейік, boxofficeindia.com порталының мәліметінше, Хан Үндістандағы ең танымал актер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети