10 наурыз 2015 12:44

Бостондағы жарылыс кезінде Царнаевтар түсірілген видео жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews TV ©Tengrinews TV

Ақпарат құралдары Бостондағы жарылыс кезінде ағайынды Царнаевтар түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews TV.


Ақпарат құралдары Бостондағы жарылыс кезінде ағайынды Царнаевтар түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews TV.

Бұл видео сотта өткен аптада көрсетілді. Тілшілердің сот залынан хабарлауынша, видеоны көру кезінде адамдардың өксіп жылағаны естілген, ал сот өкілдері жабырқаулы болды. Бақылау камераларының кадрларынан ағайынды Царнаевтардың марафон мәресіне дорба асынып бара жатқанын көруге болады. Бұдан кейін олар әлгі орыннан дорбасыз қайтып келе жатады. Бұл қаптарда жарылғыш зат болуы мүмкін екені айтылады.

Сот алдында ағайындылардың бірі 21 жастағы Джохар Царнаев жауап беріп жатыр. Отырыс басында Джохар Царнаевтың адвокаты оның өз кінәсін мойындағанын айтқан. Қорғаушының айтуынша, ол өз қорғауындағы адамның осы қылмысқа ағасы Тамерланның ықпалымен барғанын айтты. Прокурор өлім жазасына кесуді талап етті, бірақ Царнаевтың адвокаты соттан бұл жазаны өмір бойына бас бостандығынан айырумен алмастыруды сұрайды.

Еске сала кетейік, Джохар Царнаев ағасы Тамерланмен бірге 2013 жылғы Бостон марафоны кезінде жарылыс ұйымдастырып, оның салдарынан үш адам қайтыс болған еді, тағы 260 адам жарақат алды. Кейінірек Тамерлан полицейлермен атыс кезінде оққа ұшқан еді. Ал Джохар Царнаев полицияның арнайы іс-қимылы барысында қолға түсіп, оған 30 пункт бойынша айып тағылды. Олардың 17-сі бойынша өлім жазасы қарастырылған. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети