17 тамыз 2016 17:51

Бойжеткен өзіне ақыл үйреткісі келген жігіттің көлігін талқандады

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube желісіндегі кадрдан үзінді YouTube желісіндегі кадрдан үзінді

Желіде 16 тамызда Воронеж қаласында болған жол-көлік оқиғасының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды RG басылымы. Ашуға булыққан Kia жүргізушісі өзіне біржақты көшеде қарама-қарсы тұрған көліктің терезесін шағып тастады. 


Желіде 16 тамызда Воронеж қаласында болған жол-көлік оқиғасының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды RG басылымы. Ашуға булыққан Kia жүргізушісі өзіне біржақты көшеде қарама-қарсы тұрған көліктің терезесін шағып тастады. 

Видеотіркеушінің жазбасы бойынша, оқиға шамамен сағат 17.00-де тар көшеде болған. Қызыл түсті Кіа біржақты көше бойымен дұрыс емес бағытта жүріп бара жатқан. Көліктің ішінде екі қыз болған. Сол жолмен дұрыс бағытта келе жатқан бір жүргізуші қыздардың алдын бөгеп, ақыл үйреткісі келген.

Кішкене уақыт бойы күтіп, Кіа жолаушысы көліктен шығып өздерін бөгеп тұрған жүргізушіден жол беруді сұрайды. Ол жүргізушіге оның қандай шаруасы барына шағымданады. Ал ер адам болса жол беруден бас тартып, жол полициясын шақыратынын айтқан. 

Видеода бір мезетте бөтен бір дыбыстар естіле бастайды. Кіа жүргізушісі өздерін бөгеп тұрған көліктің капотына шығып, аяқ-киімінің өкшесімен алдынғы терезені шағып тастайды. Соңғы кадрларда қызғылт жейде киген Кіа жүргізушісінің өз автокөлігіне бара жатқаны көрінеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети