1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Бір қолымен бала көтерген бразилиялық полицей екі тонаушыны атып тастады21 қараша 2017, 09:23

Видеодан кадр Видеодан кадр

Бразилияның Кампу-Лимпу-Паулиста қаласында орналасқан дәріханалардың бірінде полицей бір қолымен баласын көтере тұра, екі тонаушыны атып өлтірген, - жазады РИА Новости Folha de Sao Paulo басылымына сілтеме жасай отырып.

Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияның сержанты әйелімен және баласымен бірге дәріханаға келген. Сол сәтте онда дәріхананы тонамақ боолған екі ер адам баса-көктеп кірген.

Полиция сержанты бірден қаруын алып, тонаушыларға оқ атқан. Кейінірек видеодағы кадрлардан ер адамның баланы әйеліне беруге жүгіріп бара жатқаны көрінеді. Тонаушылар оқиға орнында көз жұмған.

Сондай-ақ, қарақшылық пен кісі өлтіру бойынша қылмыстық істің қозғалғаны айтылады.


Алматыда митинг өтті