23 қыркүйек 2018 16:55

Бразилияда автокөлік велосипедшіні қағып кетті: Ер адам таңғажайып жағдайда аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Бразилия тұрғынын велосипедпен көшеде кетіп бара жатқан жерінен көлік қағып кетті. Автомобиль ер адамды  бірнеше метрге сүйреп, ағашқа соқтығысты. Абырой болғанда, бразилиялық бір өлімнен аман қалды. Осы оқиғаның видеосы Daily Mail басылымы жариялады. 

Видеода велосипед мінген ер адамды көлік қаққаны түсірілген. Жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, жол шетіне шығып кетіп, ағашты құлатып, артынша қабырғаға соқтығысады. Велосипедші көлік астында қалып қояды. 

Автокөліктен кәмелет жасқа толмаған қыз атып шығып, екі үш қадам жасап ес-түссіз құлайды. Ал велосипедші болса өздігінен көліктің астынан шығады. Сырт көзге оған ештеңе болмаған секілді сыңай танытады. Кейінірек екеуін де ауруханаға алып кетеді. 

Қыз бала ата-анасы үйде болмаған кезде көлік жүргізу үшін мініп шыққаны белгілі болды. Қыз балаға автомобильді көлікті жүргізу құжатынсыз жүргізгені, денсаулыққа зиян келтіргені және қауіпті жүргізгені үшін айып тағылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети