Бразилияда банк тонамақшы болған ер адам күлкіге қалды

13 Наурыз 2016, 12:08
0
Бразилияда банк тонамақшы болған ер адам күлкіге қалды - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Бразилияда банкті тонамақшы болған ер адам видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды LifeNews.

Кадрдан басына мотоцикл жүргізгенде киюге арналған шлемді киіп алған ер адамның терезеге жақындағанын көруге болады. Ол қалтасынан тапаншаны алып шығып, алдында тұрған сөреге қойып, балғаны алып шығу үшін едендегі сөмкесіне еңкейеді. Осы кезде банкке келушілердің бірі тапаншаны білдірмей алып, қашады. Тонаушы балғасымен шыныны шағуға тырысып, бірнеше рет ұрғаннан кейін мұнысынан түк шықпайтынын түсініп, қашуға бел шешеді. Осыдан кейін ер адамның есіне тапаншасын ұмытып кеткені түсіп, оқиға орнына қайта келеді, бірақ ол жерде қарудың жоқ болып шыққаны тонаушыны қатты таңғалдырды.

© LifeNews.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай