28 шілде 2018 12:59

Бразилияда Неймардың суреті бар қаптардан есірткі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Бразилияда Неймардың суреті бар қаптардан есірткі табылды, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.


Бразилияда Неймардың суреті бар қаптардан есірткі табылды, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, Бразилияда ірі қылмыстық топ қолға түскен. Есірткі саудасымен айналысып келген күдіктілер бір тоннаға жуық кокаинды сатпақшы болыпты. Полицияның назарынан сытылып кетуді көздеген қарақшылар әр қаптың сыртына танымал бразилиялық футболшы Неймардың суретін жабыстырған.

Сонымен қатар, Рио-де-Жанейро мен Бразилия қалаларында танымал футболшылармен кездесу ұйымдастырамыз деп қарапайым халықтың қалтасын қағып келген алаяқтар ұсталды.

"Бразилиялықтар үшін футболдың орны ерекше. Әлем чемпионаты кезінде жанкүйерлер әрбір ойынды теледидардан тапжылмай тамашалады. Дегенмен мундиаль аяқтала салысымен, оған қатысты даулар анықтала бастады. Жақында ғана полиция қызметкерлері Тынық мұхитынан кокаин тасымалдап бара жатқан суасты қайықтарын ұстады. Тәркіленген бір тоннаға жуық есірткінің әрбір қабына бразилиялық танымал футболшы Неймардың суреті жабыстырылған", - деп хабарлады тілші.

"Бұл жүк тасымалын Бразилия-Колумбия қылмыстық тобының ұйымдастырғаны белгілі болды. Неймардың фотосуретін әзіл үшін қойса керек. Бірақ, менің ойымша, бұл маркетинг үшін жасалған. Себебі бүгінде Неймар - футболдың танымал жұлдызы", - деді Бразилия есірткі бақылау полициясының қызметкері Сильби Кошта.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети