06 қаңтар 2017 22:23

Бразилияда түрмедегі бүлік кезінде 30-дан аса адам мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vashgolos.net © vashgolos.net

Бразилияда Боа-Виста муниципалитетінің түрмесінде болған бүлік кезінде 33 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Бразилияда Боа-Виста муниципалитетінің түрмесінде болған бүлік кезінде 33 адам көз жұмды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

"Әділет және азаматтық мәселелер министрлігі бүгін, 6 қаңтар таңғысын " Монте-Кристо аграрлық пенитенциарлы  мекемесінде" 33 адамның мерт болғанын тіркеді", - деп келтіреді Рорайма штатының билігі таратқан хабарламаны Globo News. Олардың мәліметінше, қазіргі кезде жағдай бақылауда, ал түрме аумағында арнайы жасақ жауынгерлері жүр. 

Болған жайттың ресми себебі әлі айтылмады. Ал сарапшылар бүлік әлі де қайталанатынын айтады. 

1 қаңтарда Бразилияның Манаус қаласында (Амазонас штаты) ең ірі түрме бүліктері болды, оның салдарынан 50 -ден аса адам мерт болған. Күш құрылымдарының мәліметінше, бұған есірткі сатумен айналысатын топтар арасындағы қақтығыс себеп болды. 

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Бразилияны елдегі түрме жүйесі үшін қатты сынға алып отыр. Мұнда түрмелердің лық толып, бүліктердің жиі болуы қалыпты жағдайға айналған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети