06 желтоқсан 2016 15:12

Брэд Питт жүйелі түрде алкоголь мен есірткіге сынақ тапсырып тұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Elle © Elle

Сот Брэд Питт пен Анджелина Джоли арасында балаларды қамқорлыққа алу үшін міндеттелген алкоголь мен есірткі заттарынан сынақ тапсырып тұру туралы келісімді бекітті. ЕТ дереккөзінің айтуынша, Питт бұл сынақтарды ерікті түрде тапсырып тұрады. Ендігі кезекте, сот үкімінен кейін ол оған міндеттелді.


Сот Брэд Питт пен Анджелина Джоли арасында балаларды қамқорлыққа алу үшін міндеттелген алкоголь мен есірткі заттарынан сынақ тапсырып тұру туралы келісімді бекітті. ЕТ дереккөзінің айтуынша, Питт бұл сынақтарды ерікті түрде тапсырып тұрады. Ендігі кезекте, сот үкімінен кейін ол оған міндеттелді.

Сондай-ақ, Джолидің алты баланы да өз қамқорлығына алатыны хабарланады. Отбасына бес психолог маман көмектеседі. Олар балалар мен Питтке көмек көрсететін болады. Ол әлі күнге дейін бірде-бір рет психологтың қатысуынсыз балалармен көріспеген. Сонымен қатар, ол Рождество мерекесін балалармен қарсы алу-алмауы белгісіз, оны балалардың өзі шешеді екен. Сондай-ақ, тағы бір дереккөздің айтуынша, осы келісім ерікті түрде және уақытша ғана жасалған.

Осыған дейін Джолидің ажырасуға байланысты қатты азып кеткені хабарланған болатын. Оның салмағы небәрі 76 фунт немесе 34,5 келіні құраған. Жасырын дереккөздің айтуынша, Джоли тамақ ішуді мүлдем қойып, темекіні көп мөлшерде шегетін болған. Жақын арада ол ауруханаға түсіп, оны мәжбүрлі түрде қан тамыры арқылы тамақтандыратын болады. Дәрігердің айтуынша, мұндай салмақ адам өміріне аса қауіпті. 

Айта кетейік, Брэд Питтке қарсы жүргізіліп жатқан іс тоқтатылды. Ол "балаларға дөрекі қарады" деп айыпталған болатын. 

Еске салайық, 19 қыркүйекте Анджелина Джоли Брэд Питтпен ажырасу туралы арыз берген. Оның айтуынша, Брэд баласымен ұшақ ішінде дөрекі сөйлескен. Отбасы өздерінің үш баласын және асыранды үш баланы тәрбиелеп келген. Олардың жасы 8-15 аралығында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети