30 қараша 2014 15:35

Британдық боксер Владимир Кличконың титулына үміткер атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тайсон Фьюри. Фото с сайта klitschko-brothers.com Тайсон Фьюри. Фото с сайта klitschko-brothers.com

"WBO нұсқасы бойынша әлем чемпиондығына міндетті үміткер атағына таласу құқын жеңіп алу жекпе-жегі кезінде британдық Тайсон Фьюри жерлесі Дерек Чисорадан басым түсті", деп мәлімдейді Vesti.kz


"WBO нұсқасы бойынша әлем чемпиондығына міндетті үміткер атағына таласу құқын жеңіп алу жекпе-жегі кезінде британдық Тайсон Фьюри жерлесі Дерек Чисорадан басым түсті", деп мәлімдейді Vesti.kz

Бокс Лондонда өтті. Жекпе-жек 10 минутқа созылып, 11 раундқа келгенде Чисора шаршы алаңға шығудан бас тартты. Демек, Фьюри Владимир Кличконың еншісіндегі титулдан үмітті. Айта кетерлігі, Фьюри өзінің кәсіби спорттағы жолында 20-дан астам жекпе-жекке шығып, біреуінде де жеңіліп көрген емес.

Айтпақшы Чисора мен Фьюри 2011 жылы да күш сынасқан болатын. Сол жолы Фьюри Чисораға тиесілі болып келген Ұлыбритания мен Британия ынтымақтастығының чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

Чисораны бірінші рет жеңгеннен кейін Фьюридің Кличкомен қарсыласуына мүмкіндік туған еді, алайда одан өзі бас тартады. Осыдан біраз уақыт бұрын хабарланғандай, 15 қараша күні Кличконың болгарлық Кубрат Пулевпен арадағы жекпе-жекте өзінің барлық титулын қорғап қалғаны естеріңізде болар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети