13 қаңтар 2018 11:17

Бірнеше елде құс тұмауы тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© популярная-медицина.рф © популярная-медицина.рф

Ұлыбританияда жабайы құстардың арасында құс тұмауының жаңа деректері анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ұлыбританияда жабайы құстардың арасында құс тұмауының жаңа деректері анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Үкіметтің сайтындағы мәліметтер бойынша, Ұлыбританияның ауыл шаруашылық министрлігі H5N6 құс тұмауының елдің оңтүстік-батысында орналасқан Дорсет графствосындағы 17 жабайы құста бар екенін анықтады.

Министрліктің мағлұматтарына сәйкес, бұл 2017-2018 жылдардағы қыс мезгілінде тіркелген алғашқы деректер. Бұл дерттің штаммы өткен жылы Қытайда дендеген аурудан өзгеше және адамдарға жұғып кету қаупі өте төмен.

"H5N8 құс тұмауының қоғамдық денсаулыққа қаупі өте төмен және Азық-түлік сапасының стандарттары жөніндегі агенттік аурудың азық-түлікке қауіп төндірмейтінін хабарлады", - делінген министрліктің хабарламасында. Алайда, вирустың құстарға "өте тез жұғатыны" және "өлтіретіні" хабарланып жатыр.

Билік құс өсірушілерді құстарды тіркеп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Сонымен қатар, Жапонияның ауыл шаруашылық министрлігі қаңтарда Сикоку аралындағы Кагава префектурасында құс тұмауына байланысты 92 мыңға жуық тауықтың көзі жойылғанын хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Сануки қаласындағы фермалар мен оған жақын орналасқан аудандарда құстардың жаппай қырылғаны анықталған. Сараптама нәтижелері Н5N6 құс тұмауының болғанын растады.

Құстардың жаппай көзін жою жұмысына 750 адам қатысты, олардың қатарында өзін-өзі қорғау күшінің қызметкерлері де бар. Құс тұмауы тіркелген құс фабрикаларынан 10 шақырым жерге дейінгі аумақтар карантинді аумақ деп белгіленді, ол жерлерден жұмыртқа, құс еті немесе құс еті өнімдерін алып шығуға болмайды. Жолдарда дезинфекция жүріп жатыр. Бұл Жапонияда биылғы жылда бірінші рет тіркелген құс тұмауы болып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети