Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Брюссель әуежайында лаңкес араб тілінде айғайлап, жарылғыш затты іске қосқан

22 Наурыз 2016, 15:05
0
©news_executive
©news_executive

Бельгияда Брюссельдің халықаралық әуежайында екі жарылыс болғаннан кейін теракт қатерінің ең жоғарғы, төртінші деңгейі енгізілді, - деп хабарлайды РИА Новости агенттігі RTL телеарнасына сілтеме жасап. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрі мәлімдеді. Осыған дейін қараша айында Париждегі болған теракт кезінде Брюссельде қатердің төртінші деңгейі енгізілген болатын. 

Ел билігі екі жарылысты теракт деп таныды. Бельгиялық VRT телеарнасы жарылғыш затты лаңкес іске қосты деп хабар таратты. Euronews телеарнасы болса әуежайда тағы бір жарылғыш заттың табылғанын хабарлап отыр. Ол іске қосылмаған екен. Сонымен қатар, бельгиялық Derniere heure газеті жарылыс алдында Брюссель халықаралық әуежайында бір жолаушының араб тілінде бірдеңе айғайлағанын хабарлады. Belga агенттігінің мәліметінше, жарылыс алдында атыс шыққан. 

Қазіргі уақытта Брююсельге бағыт алған әуе рейстері Бельгияның өңірлік әуежайларына қайта жөнелтілді. Ал Брюссельдегі әуежай жабылды, билік өкілдері азаматтардан әуежайға бармауын сұрап отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, 11 адам қаза болған. Сонымен қатар, дәрігерлер 30 адамның жарақат алғанын мәлімдеді. 

Әуежайдағы терактілерден кейін Брюссельдегі метро станцияларының бірінде де жарылыстың болғаны хабарланған еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай