23 наурыз 2016 13:33

Брюссель әуежайында теракт жасады делінгендердің аты-жөндері белгілі болды - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© baltnews.lv © baltnews.lv

Брюссельде теракт жасады делінген күдіктілердің аты-жөндері белгілі болды, - деп хабарлайды РИА Новости


Брюссельде теракт жасады делінген күдіктілердің аты-жөндері белгілі болды, - деп хабарлайды РИА Новости

Брюссель әуежайынжа ағайындылар Ибрагим мен Калим әл Бакрауилер өздерін жарып жіберген, бұл туралы сәрсенбі күні RTBF телерадиокомпаниясы хабарлады. 

Мұнымен қатар, Бельгия ІІМ басшысы Ян Ямбонның Брюссельдегі терактіні Парижде 2015 жылдың қарашасындағы терактілер бойынша күдікті Салах Абдесламның қамалуымен байланыстырмайтыны хабарланып отыр.   


© FEDERAL POLICE - BELGA

Абдесламды іздестіру жұмыстары төрт айға жалғасты. Парижде 13 қараша болған терактілерге қатысы бар делінген ол және тағы төрт күдікті Брюссельдегі Моленбек коммунасында 18 наурызда болған ірі арнайы операция кезінде ұсталған. Абдесламды Францияға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.  

Осыған дейін Желіде Брюссель әуежайында теракт жасады делінгендердің суреті пайда болған еді. Лаңкес делінгендердің видеобақылау камерасына түсіп қалғандардың кадрларын бельгиялық Derniere Heure газеті жариялады. Ал оған дейін полицейлер қаладағы террорлық шабуылдарда кейін екі ер адамды қамауға алған болатын. 

Еске салайық, 22 наурызда таңғы уақытта Брюссель әуежайында екі жарылыс болды. Бельгия билігі жарылғыш заттардың бірін өлімші лаңкес іске қосқан болуы мүмкін деп есептейді. Үшінші жарылыс Мальбек метро станциясындағы вагонда болды. Салдарынан кем дегенде 34 адам қаза тапты, 200-ге жуық адам зардап шекті. Брюссельдегі терактіге Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ лаңкес ұйымы жауапкершілік алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети