25 қараша 2019 17:18

Бішкек орталығында мыңға жуық адам жиналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкекте Ақ үй ғимаратының алдында бейбіт акция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бішкекте Ақ үй ғимаратының алдында бейбіт акция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жиналғандар биліктен БАҚ өкілдерінің Қырғызстан кеденіндегі сыбайлас жемқорлық туралы тергеуіне қатысты қандай да бір әрекет етуді сұрады. Осы тергеу мәліметіне сәйкес, 2012-2017 жылдары аралығында елден коррупциялық схема арқылы 700 миллион доллар шығарылған. 

#RЕАКЦИЯ деп аталатын акцияға 1000-ға жуық адам жиналған. Жиналу орны - революция күрескерлері ескерткішінің алды. Жиналғандар әртүрлі ұран тастаған. Шараның басты ерекшелігі - сары қағаз болды - бұл билікке деген ескерту. 

Осылайша акцияға қатысушылар жаяу Ақ үй соңына дейін жүріп өтті. Олар әділ тергеу жүргізуді және контрабандаға кінәлілерді жазалауды талап етті. 

Қатысушылар арасында әлеуметтік белсенділер, құқық қорғаушылар, блогерлер және қоғамның басқа да мүшелері болды. Ұйымдастыру комитеті ірі саясаткерлердің бейбіт акцияға қатысуын қабылдамайтынын атап өтті. Акция 1,5 сағатқа созылып, қатысушылар тарқасты. Акция қатысушыларынан алаңды ластамаған. 

Осыған дейін бірнеше қырғыз сайттарында кеденде сыбайлас жемқорлық туралы тергеу жарияланды. Жергілікті журналистердің мәліметінше, мультимиллионер Хабибула Абдукадыр мен оның отбасы мүшелері осы іске қатысы бар. Тергеу барысында сондай-ақ жақында Ыстамбұлда саммитте қаза тапқан Қырғызстан кеден қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовтың есімі де айтылады. Тергеу барысында Саймаити Қырғызстан арқылы 700 миллион доллар шығарған. Осы істе Матраимов оған көмектескен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети