11 желтоқсан 2015 11:46

Бішкекте арнайы операция кезінде лаңкестер тобы жойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бішкектегі "Шығыс-5" ықшамауданында болған контртеррорлық операция кезінде Қырғызстан Республикасының МҰҚК күштері халықаралық террорлық ұйымның бөлігі саналатын қылмыстық топтың жолын кесті. Ұстау кезінде қылмыскерлер қарумен қарсылық көрсетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР МҰҚК Қоғаммен және БАҚ-пен байланыс жөніндегі баспасөз бөлімінің өкілдері хабарлады. 

Бар мәліметке қарағанда, лаңкестер тобының көзі жойылған екі мүшесінің бірнеше аса ауыр қылмысқа қатысы бар, оның ішінде Бішкектің 8-ші ықшамауданында миллиционерді өлтіру ісіне қатысы бар екен. Сонымен қатар, көзі жойылған қылмыскерлердің 2015 жылдың 16 шілдесінде контртеррорлық операция кезінде өлтірілген Талант Жұмағұловтың (лақап аты "Тоха") басшылық ететін лаңкестер ұйымымен тұрақты байланыста болғаны анықталып отыр.  

Тергеу кезінде өлтірілгендердің Бішкек пен Шу облысының территориясында бірнеше теракт жасауды жоспарлағаны анықталыпты. Қылмыскерлердің оқ-дәрісі бар 4 Макаров тапаншасы, Ф-1 гранатасы, қолдан жасалған жарылғыш зат пен оның құрамы, бірнеше ұялы телефон және маскалар табылған.   

© Қырғызстан МҰҚК

Арнайы операция кезінде ҚР МҰҚК арнайы бөлімшесінің бір қызметкеріне оқ тиген. Қазір оның денсаулық жағдайына қанағаттанарлық деген баға берілді. Бейбіт азаматтар зардап шекпеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети