12 наурыз 2019 | 12:47

Бішкекте "гей-парад" өтті - Белсенділер

© 24.kg

Қырғызстанда "Кырк Чоро" қоғамдық қозғалысының  өкілдері 8 наурызда ел астанасында өткен әйелдер құқығын қорғау маршы үшін Бішкек мэрі Азиз Суракматовты отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды АКИpress.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанда "Кырк Чоро" қоғамдық қозғалысының  өкілдері 8 наурызда ел астанасында өткен әйелдер құқығын қорғау маршы үшін Бішкек мэрі Азиз Суракматовты отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды АКИpress.

Белсенділердің ойынша, марш желеуімен Бішкекте гей-шеру өткен. Қозғалыс лидері Замирбек Кочорбаев бұған рұқсат берген адамдар қызметінен кетуі тиіс деп мәлімдеді.

Реклама
Реклама

"Егер қатысушылардың жыныстық бағдары басқа болса, онда олар мұны басқа жерде жасасын. Біздің ойымызша гей-парад өтті. Олар түрлі арандатушылық ұрандары бар плакаттарды ұстап тұрды: "Мен транс болғанымды мақтан тұтамын", "Менің денем - менің ісім" - бұл нені білдіреді? Егер барлық адамдар транс болса, қоғаммен не болады?"- деді қозғалыс заңгері Зарылбек Жұмағазиев.

Заңгердің айтуынша, гей-шеруге қатысушылардың көпшілігі Украина мен Қазақстаннан келген. "Ал оларды біздің үкіметтік емес ұйымдар шығарған", - деді ол.

11 наурызда белсенділер Бішкек мэриясының ғимаратында ереуілге жиналды. "Гей-парадты" ұйымдастырушыларға және Бішкек мэріне қатысты шара қолдану талаптарымен акция өткізуге ниет білдірген адамдар наразылықтарын білдірді.

"Кырк Чоро" өкілдеріне мэрия аппаратының басшысы шықты. Шенеунік талаптарды түсініп, марш кезінде әйелдердің құқығы үшін арандатушылық болғанын мойындады. "Біз бейбіт митингілерді ұйымдастыруға рұқсат беруге немесе тыйым салуға құқығымыз жоқ. Бізге Халықаралық әйелдер күніне орай акция өткізуге рұқсат беру үшін көптеген ұйымдар келді. Бірақ біз ішінде арандатушылар болатынын білмедік. Онда ашық арандатушылық болды", - деп мәлімдеді Балбақ Тулобаев.


© АКИpress

Бішкек мэрі 24.kg басылымына берген сұхбатында мэрияның 8 наурызда маршқа шығуға рұқсат беру кезінде заң аясында әрекет еткенін мәлімдеді. 

"Конституцияға сәйкес ешкім де жынысына, нәсіліне, тіліне, этникалық қатыстылығына, діни сеніміне, жасына, саяси және өзге де наным-сеніміне, тегіне, мүліктік немесе өзге де жағдайына, сондай-ақ басқа да жағдайларға байланысты кемсітуге болмайды. Мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қандай да бір айырмашылықсыз бейбіт жиналыстар бостандығы құқығын құрметтеуге және қамтамасыз етуге міндетті және бейбіт жиналыстар өткізілетін орын, уақыт және қозғалыс бағыттары бойынша тыйым салуға немесе шектеу енгізуге құқығы жоқ", - деп атап өтті қала басшысы.


Азиз Суракматов. © Sputnik Кыргызстан

8 Наурызға орай ұйымдастырылған марш Бішкекте төртінші рет өтті. Акция ұйымдастырушылары патриархаттың күшеюіне, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа, "келінизацияға"қарсы.

Биыл процеске 200-ге жуық адам қатысты. Акцияның кейбір қатысушылары ЛГБТ-қауымдастығын қолдау үшін транспаранттар мен плакаттар алып жүрді.


© 24.kg


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная