25 қазан 2016 22:26

Бішкекте Lexus мінген төрт студент қыз 16 жастағы оқушыны соққының астына алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Kabarlar.org. © Kabarlar.org.

Бішкекте Lexus мінген төрт студент қыз 16 жастағы оқушыны аяусыз ұрып соққан, - деп хабарлайды Kabarlar.org.


Бішкекте Lexus мінген төрт студент қыз 16 жастағы оқушыны аяусыз ұрып соққан, - деп хабарлайды Kabarlar.org.

Оқиға 21 қазанда болған. Төрт қыз (жас аралықтары - 20-21 жаста), оның ішінде екеуі Қырғыз-Ресей Славян университетінің медицина факультетінің студенттері, Эркиндик бульварында кәмелет жасына толмаған қызға шабуыл жасаған. Оқушы қызды Lexus LX470 маркалы көлікке күштеп отырғызып, үйлердің ауласына алып кеткен. Онда қызды аямай соққыға жыққан, басынан және ішінен ұрған. Үш студент жәбірленушіні ұстап тұрған, ал біреуі ұрып соққан.

Алдын ала мәліметтер бойынша жанжал жігітке байланысты болған. Студент қыздардың бірі ол жігітпен бес жыл бойы жүрген. Қызғаныштан қыз бала оқушыға шабуыл жасаған.  

"Студент қыздар бір ай бойы (21 қыркүйектен бастап) қоқан-лоқы көрсетіп жүрген. Ал мұндай ұрып соғулар екінші рет болып отыр. Ұсталған қыз, оқушы қыз туралы мәліметтер жинап, үйінің алдындағы суреттерді жіберіп, үйдің алдындағы кіре берістен күтіп алатын болған. Қазіргі уақытта қыз ауруханада жатыр, оның миы шайқалып, көп жері жараланған, ал күдікті ұсталған жоқ. Қыздар ата-аналарының беделін айтып қорқытатын болған, оған: "Менің әкем барлығын шешіп тастайды". Арыз аудандық ІІБ-не жіберілген",  делінген хабарламада.

Порталдың мәліметінше, жәбір көрген оқушы қыздың туыстары соққыға жыққан қыздардың біреуінің әкесі прокурор немесе Қырғызстан парламентінің депутаты екенін айтады. 

Сонымен қатар, елдегі ІІМ-нің баспасөз қызметіндегілер Бішкектегі Первомай аудандық ІІБ-на Бішкек қаласының тұрғынынан 16 жастағы қызының соққыға жығылғаны туралы арыз түскен. "Сот-медициналық сараптаматағайындалған, соның қорытындысы бойынша жарақаттың қандай мөлшерде екені белгілі болады. Осы қорытынды бойынша, қылмыстық іс қозғау мәселесі де шешіледі", - деді ІІМ-нің баспасөз қызметінің қызметкері Елена Аильчева. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети