07 қараша 2017 16:56

"Бұл бәріміз үшін ұят": Британияның премьері парламенттегі секс-дауы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Postimees © Postimees

Британияның премьер-министрі Тереза Мэй секс-дауының зардап шегушілерінен кешірім сұрады және парламентте тәртіп орнатуға уәде берді, - деп жазады РИА Новости порталы The Sun агенттігіне сілтеме жасап.


Британияның премьер-министрі Тереза Мэй секс-дауының зардап шегушілерінен кешірім сұрады және парламентте тәртіп орнатуға уәде берді, - деп жазады РИА Новости порталы The Sun агенттігіне сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Мэй мен оның жақтаушылары лейбористер партиясымен кездесіп, парламент қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамассыз етудің жаңа шарттарын талықалады. Кездесуден кейін премьер дауға қатысты өкінішін білдірді. 

"Осынша жыл бойы қызметтік бапты асыра пайдаланудың осыншалықты орын алғанына шын өкінемін. Мұндайдың дәл осы жерде, демокаратияның ұясында болғаны бәріміз үшін ұят", - дейді Мэй. 

Сонымен қатар, премьер парламенттегі "сыйлаудың жаңа мәдениетіне" шақырды. 

Мұның алдында Ұлыбританияның қорғаныс министрі Майкл Фэллон он жыл бұрын болған сексуалдық сипаттағы тиісушіліктері үшін орнынан босатылған. Мұндай айыптар парламенттің өзге де мүшелеріне де тағылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети