Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

БҰҰ метеорологтары 2050 жылы "климаттық тозақ" болады деп отыр

02 Қыркүйек 2014, 09:43
0
Фото msn.com сайтынан алынды
Фото msn.com сайтынан алынды

БҰҰ жанындағы бүкіләлемдік метеорологтар ұйымы алдағы төрт онжылдықта Аризонадан Замбияға дейін су тасқыны орын алып, құйын соғып, аптап ыстық болады деп болжап отыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл мекеме адамзаттың климатты өзгертуі теріс ықпал ететіні жайында арнайы жоба әзірлеген. Атап айтқанда, мекеме "Болашақтың ауа райы" сериясымен бірнеше ролик дайындаған. Ол жобаға Japan’s NHK, US Weather Channel мен немістің ARD секілді ірі телекомпаниясының өкілдері қатысқан. 

Қысқаметражды туындыда 2050 жылға қарай болуы мүмкін ауа райы болжанған. Олардың пайымдауынша, Флоридада су тасқыны болса, ал Майами толықтай су астында қалады, ал Аризонада бұрын-соңды болмаған аптап ыстық орнамақ. Соның салдарынан кісі шығыны да көп болды деп күтілуде. БҰҰ қолдауымен жүзеге асырылып отырған жобаның сарапшылары осыдан 100 жыл бұрын +45 градус болған аймақтарда алдағы 40 жылда ол жерлердегі ауа температурасы +50 градусқа дейін көтерілетінін болжап отыр. 

БҰҰ метеорологтары табиғи катаклизмдардың орын алуына ғаламдық жылынудың әсері зор деп отыр. Бүкіләлемдік метеорологтар ұйымы "Болашақтың ауа райы" шынайы өмірде де орын алуы әбден мүмкін екенін айтады. Айта кетейік, жер бетіндегі адамдар соңғы 50 жылда белсенді өмір салтын ұстанғандықтан, ауаға шамадан тыс улы газ таралған. Ал бұл өз кезегінде ғаламдық жылыну процесін жылдамдатып жіберген.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай