12 желтоқсан 2016 23:58

ДАИШ Пальмира қамалын бұзып кірді: Жаулап алынған қаланың видеолары мен суреттері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube © youtube

Әлемнің көптеген елдерінде қызметіне тыйым салынған (соның ішінде Қазақстанда) ДАИШ террорлық ұйымы (басқаша атауы - ИГИЛ) сириялық Пальмираның қорғанысын бұзып, қала маңындағы жерге тұрақтаған. Бұл туралы 12 желтоқсанда Ресей Қорғаныс министрінің реми өкілі генерал-майор Игорь Конашенков баспасөз брифингінде мәлімдеді. 

"Ымырт түскен уақытта игилдықтар бір бағытта автомобильдерге мінген жанкештілер шабуыл жасап, бірнеше адамды жаралап, қорғанысты бұзды. Сонымен қатар, олар қала маңындағы жерге тұрақтады", - деп жазады РИА Новости оның сөздерін келтіре отырып. 

Конашенковтың айтуынша, лаңкестер белсенді түрде брондалған техникаға қарсы қару мен артилерияны пайдаланған. Генералдың айтуынша, алғашқы екі шабуылға Сирия әскері ресейлік авиацияның қолдауымен тойтарыс берген. "Ресей ұшақтары лаңкестер шоғырланған жерлерге 64 соққы жасады. Сонымен қатар, 11 танк пен әскери көліктердің көзі жойылған, 31 автокөлік, оларға ірі калибрлі пулеметтер орнатылған және 300-ге жуық лаңкестің көзі жойылды. 

Соған қарамастан ДАИШ Желіде өздері басып алған әскери техникалардың видеолары мен суреттерін жариялап жатыр. Сондай-ақ үш тұтқынның суреті жарияланған, олар Сирия әскерінің солдаттары болуы мүмкін. Лаңкестер Пальмира орталығында емін-еркін видеоларын жариялап жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети