24 шілде 2015 13:18

ДАИШ Рамазан айында Тәжікстанда бірқатар лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

 © REUTERS © REUTERS

ДАИШ содырлары Қасиетті Рамазан айында Тәжікстанда бірқатар лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған, - деп хабарлайды РИА Новости.


ДАИШ содырлары Қасиетті Рамазан айында Тәжікстанда бірқатар лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған, - деп хабарлайды РИА Новости.

Республиканың ІІМ мәліметінше, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес ұйымының қызметкерлері лаңкестік әрекет жасамақшы болды деген күдікпен қаланың 1990 жылғы тумасы Куляб Бободжон Раджабалиді ұстады, ол Душанбеде тұрады. Құқық қорғау органдарының мәліметтеріне қарағанда, Раджабали әлеуметтік желі арқылы ДАИШ ұйымының мүшесі, Тәжікстан азаматымен танысқан.

Тергеу барысында Раджабалидің онымен хат алысып, барлық бұйрығын орындауға сөз бергені анықталды. Жауап алу кезінде ол Рамазанның соңғы онкүндігінде оннан аса милиция бөлімін жарып жіберуге ниеттенгенін мәлімдеді. "Бір күнде Куляб қаласында - 3, Душанбеде - 3, Файзабадта - 3 және Гармда үш жарылыс жасау жоспарланды", - деді Раджабали. ІІМ мамандарының хабарлауынша, Раджабалидің көмекшісі болған 39 жастағы Садриддин Раджабов та ұсталды. Раджабов Сирияға барып, ДАИШ құрамына қосылмақшы болған.

Еске сала кетейік, 16 шілдеде Қырғызстан астанасында арнайы операция болды. Қырғызстан Республикасы МҰҚК мәліметінше, арнайы операция кезінде ДАИШ ұйымымен байланысы бар топтың мүшелері болуы мүмкін делінген төрт күдіктінің көзі жойылды, лаңкестік топтың тағы жеті мүшесі ұсталды. Қырғызстан ведомствосының мәліметінше, лаңкестік ұйымға Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары мүше болған және оларды 27 жастағы қазақстандық Жанболат Амиров басқарған.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети