20 қараша 2015 10:36

ДАИШ содырлары АҚШ-та Ақ үйді жарамыз деген қоқан-лоқымен видео таратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© e-news.su © e-news.su

ДАИШ экстремистік ұйымының содырлары қоқан-лоқы көрсетіп, кезекті видеоны таратты. Ол видеода олар АҚШ-тың Ақ үйін жарып жіберуге ниетті екендерін айтты, - деп хабарлайды Fox News телеарнасы.


ДАИШ экстремистік ұйымының содырлары қоқан-лоқы көрсетіп, кезекті видеоны таратты. Ол видеода олар АҚШ-тың Ақ үйін жарып жіберуге ниетті екендерін айтты, - деп хабарлайды Fox News телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, видеода екі ер адам АҚШ-қа қоқан-лоқы танытып, "Франция бірінші болды, Вашингтон келесі болады", деді. Телеарна сол видео фрагменттерінің бірін көрсетті. Бұл кадрдан сақалды ер адамды көруге болады, қолында автоматы бар. Ол АҚШ-қа үндеу салып, Ақ үйді жаратындарын айтты. Телеарнаның мәліметінше, мәтінді Таяу Шығыс бойынша америкалық мамандар ағылшын тіліне аударған.

Сонымен қатар, телеарна бұл видеоның түпнұсқалылығының тексеріліп жатқанын хабарлады. 

Еске сала кетейік, 14 қарашаға қараған түні Парижде белгісіз біреулер ең алдымен қаладағы мейрамханалардың біріне шабуыл жасады. Сонымен қатар, Франция-Германия матчы өтіп жатқан "Стад де Франс" стадионының маңынан да жарылыстың дыбысы естілді. Лаңкестер "Батаклан" театрында адамдарды кепілге алды. Соңғы дерек бойынша, 129 адам қаза тауып, 300 адам жарақаттанды. Жеті лаңкестің көзі жойылды. Полиция қылмысқа қатысы барлар мен ұйымдастырушыларды іздестіріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети