07 қазан 2015 08:48

ДАИШ содырлары Иракта 70 адамды қырып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ДАИШ содырлары Ирактағы Анбар провинциясында 70 адамды қырып салды. Қаза болғандар шейіттердің Албу Нимр тайпасының өкілі болған, - деп хабарлайды BBC.


ДАИШ содырлары Ирактағы Анбар провинциясында 70 адамды қырып салды. Қаза болғандар шейіттердің Албу Нимр тайпасының өкілі болған, - деп хабарлайды BBC.

Ақсақалдар қауымының өкілдерінің айтуынша, оқиға 4 қазанда түнгі уақытта болған. Лаңкестер ауыл тұрғындарын олардың туыстары қауіпсіздік күш құрылымдарына қызметке тұрғандығы үшін өлтірген. 

Айта кетейік, Албу Нимр қауымының бірнеше жыл бойы жиһадшылармен күресте ролі басым болды. 2014 жылдың қарашасында ДАИШ содырлары бұл тайпаның 300-ден аса тұрғынын атып тастаған болатын. Содырлар 50 әйел мен баланың денесін құдыққа тастаған. Алайда бұған қарамастан қауым өкілдері күресті жалғастыратынын мәлімдеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети