Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Джохар Царнаевтың қорғаушысы Бостон федералдық сотына арызданды

25 Қазан 2014, 10:48
0
Джохар Царнаев. фото tengrinews.kz мұрағатынан
Джохар Царнаев. фото tengrinews.kz мұрағатынан

Бостонда жарылыс ұйымдастырған деген күдікпен АҚШ-та істі болып жатқан Джохар Царнаевтың қорғаушысы БАҚ өкілдері оған қатысты жабық ақпаратты таратқаны үшін сотқа арызданды,-деп хабарлайды РИА Новости.

Күдіктінің қорғаушысы Бостон федералдық сотына шағым жазған. Қорғаушының бұлай әрекет етуіне Newsweek журналындағы "Отбасылық іс: Джохар Царнаев және оның өміріндегі әйелдері" деген тақырыппен жазылған мақала түрткі болған.

Қорғаушының ойынша, аталмыш мақала Царнаевты тек келеңсіз жағынан көрсеткен. Мақалада жазылған жайттар Царнаевтың туыстарының да жарылысты ұйымдастыруға қатысы бар болуы мүмкін деген ой туғызады. Осыған байланысты қорғаушы тыңдалым арқылы америкалық құқық қорғаушылардың мұндай жайттарға қалай тыйым салатынын білгісі келеді.

Қорғаушы осымен екінші мәрте аталған мәселе қатысты тыңдалым өткізуді сұрап отыр. Бірақ оның бұл екі әрекеті де сот тарапынан қанағаттандырылмады. Дегенмен сот құқық қорғаушы органдарға БАҚ өкілдеріне жабық тақырыпты қозғамау керектігін ескертіп отыр.
Еске сала кетейік, 2013 жылдың сәуірінде Бостон марафоны кезінде екі бірдей жарылыс салдарынан 260-тан аса адам жарақат алып, үшеуі қайтыс болған болатын. Америка билігі бұл терактыны жасуға ағайынды Царнаевтар - Темірлан мен Джохарды басты күдікті ретінде таныған. Ағасы Темірлан полициямен қақтығыс кезінде қайтыс болды  Артынша Джохар қолға түсті. Қазір ол қамауда отыр. Джохар Царнаевқа қарсы барлығы 30 айып тағылып отыр, Бұдан бұрын хабарланғандай, кіші Царнаевқа қатысты сот процесі 5 қаңтарда басталуы мүмкін. Джохар Царнаевты өлім жасасына кесуі ықтимал. Бұл туралы АҚШ-тың Бас прокуроры Эрих Холдер мәлімдеген. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай