24 наурыз 2014 13:28

"Дождь" телеарнасы хабар таратуды жалғастыруға ақша жинауда

ПОДЕЛИТЬСЯ

©staroetv.su ©staroetv.su

"Дождь" телеарнасы хабар таратуды жалғастыруға ақша жинауды бастады деп хабарлайды, Tengrinews.kz, РИА новости сайтына сілтеме жасай отырып. Телеарнаға арнайы бейдждерді, интернет-дүкендердегі заттарды сатып алу арқылы, бір жылға жазылу арқылы немесе есепшотына ақша аудару арқылы көмектесуге болады. Телеарнадағы қиындықтар сайтта "Жүз мыңдаған өмірді сақтап қалу үшін Ленинградты сатудың қажеті бар ма еді" деген сауалға қатысты даудан кейін басталған еді. "Дождь" басшылығы осы сауалды қате деп тауып, көрермендерден ресми түрде кешірім сұраған болатын. Алайда ақылы арнаның кейбір операторлары хабар таратудан бас тартты.Олар өздерінің бұл әрекетін тиімсіз коммерциялық серіктестікпен түсіндірді. Айта кету керек, 24 наурызда телеарна Youtube сайтында және арнасында тікелей эфирде көрсетілмек. Осы тікелей эфир барысында "Дождь" жүргізушілері студия қонақтарымен Ресейдегі тәуелсіз БАҚ және сөз бостандығы туралы әңгіме өрбітеді деп күтілуде. Эфирде телеарнаның өмірі қаншаға ұзартылғанын көрсетіп тұратын арнайы сағат ілінбек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети