03 тамыз 2014 10:31

Доминикан Республикасында күшті тропикалық дауыл тұру қаупі басым

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото  ostrana.ru Фото ostrana.ru

Доминикан Республикасында "Берт" тропикалық дауылы жақындап қалды, бұл жөнінде қауіп-қатер дабылы қағылып елде алаңдаушылық басталды дейді, - РИА Новости Globovision телеканалына сілтеме жасай отырып.


Доминикан Республикасында "Берт" тропикалық дауылы жақындап қалды, бұл жөнінде қауіп-қатер дабылы қағылып елде алаңдаушылық басталды дейді, - РИА Новости Globovision телеканалына сілтеме жасай отырып.

"Сараптама нәтижелері көрсетіп отырғандай дауыл елдің солтүстік және солтүстік-шығыс аудандарын басып өтіп, бүгін түнде Саман жарты аралының солтүстік шығысына жетеді" деп хабарлайды республиканың төтенше хабар тарату операциялық орталығы.

Дауыл жүріп өтетін аудандарда биік толқындар және күшті нөсер жүріп өтуі мүмкін. Құтқару қызметі қазірде тұрғындарға қажетті шараларды сақтауға және төтенше жағдайға байланысты билік өкілдерінің ереже, кеңес, нұсқаулықтарын назарда ұстауды қатаң ескертуде.

Жалпы, Атлантикадағы мұндай тропикалық дауыл мерзімі 1 маусым күні басталып, 30 қараша күні аяқталады.

Тропикалық дауылдың күші артып, жылдамдығы сағатына 62 шақырымға артқанда мұндай дауылға елде өзіндік атау беріледі. Саффира-Симпсон шкаласымен есептегенде дауылдың келтірген зардаптары бес деңгейге бөлінеді. Желдің жылдамдығы сағатына 119 шақырымды қамтыса бұл дауылдың түрі бірінші деңгейдегі дауыл болып есептеледі. Ал желдің жылдамдығы сағатына 250 шақырымға жетсе бұл апатты жағдайға дейін жеткізетін "бесінші деңгейдегі дауыл" деп саналады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети