Домодедово әуежайынан ұшып шыққан жолаушылар ұшағы құлады 11 ақпан 2018, 18:43

Домодедово әуежайынан ұшып шыққан жолаушылары бар ұшақ құлады. Құлаған ұшақ Мәскеу түбіндегі Раменское ауданынан табылды, деп хабарлады РИА Новости.
"Раменское ауданында жазық далада жатыр, құтқарушылар әлі жеткен жоқ", - деді шұғыл қызметтегі дереккөз.
Оның айтуынша, ұшақты биіктен көрген.
Жоғалып кеткен Ан-148 ұшағының бортында 65 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған.
Апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағына қатысты мәліметтер тексеріліп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, әңгіме Ан-148 ұшағына қатысты, ол радарлардың экранынан жоғалып кеткен, деп хабарлады Telegram-канал Mash.
"Кейбір мәліметтер бойынша, Ан-148 ұшағы сағат 14.21-де Домодедово әуежайынан ұшып шыққан, алайда, 7 минуттан кейін, яғни 14.28-де күтпеген жерден радарлардың экранынан жоғалып кетті. Ұшақтың қалдықтары Мәскеу облысы Раменское ауданындағы ауылдың жанынан табылды. Қаза тапқандардың саны белгісіз", - деп жазды Mash.