20 наурыз 2018 13:03

Дональд Трамп халықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп Наурыз (Новруз) мейрамын тойлаушы елдерге құттықтау жіберді, - деп хабарлайды Reuters агенттігі. 


АҚШ президенті Дональд Трамп Наурыз (Новруз) мейрамын тойлаушы елдерге құттықтау жіберді, - деп хабарлайды Reuters агенттігі. 

"Әлемде көктемнің келуін тойлайтын барлық халыққа тамаша әрі шуақты Наурыз тілеймін", - деп жазды басылым Трамптың сөзін. 

Осы құттықтау сөздері негізінен Иран халқына арналған делінген. 

Наурыз немесе Новруз - иран мен түркі халықтарының астрономиялық күнтізбедесінде жаңа жылдың басталуымен сәйкес келеді. Ол ұлттық салт-дәстүрдің мерекесі және діни сенімге еш қатысы жоқ. 

Қазіргі уақытта Наурыз 21 наурызда ресми түрде Иран мен Ауғанстанда астрономиялық күнтізбесінде жаңа жыл болып саналады. Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Албания, Қырғызстан, Македония және Түркияда мемлекеттік мереке ретінде 21 наурызда аталып өтеді. 

Қазақстанда Наурызды мемлекеттік мереке ретінде 21-23 наурыз аралығында тойлайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети