14 қараша 2016 10:26

Дональд Трамп өзінің жасанды түсікке қарсы екенін растады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Dv.ee © Dv.ee

АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп CBS News-ке берген сұхбатында жасанды түсік жасау құқығына қарсы екенін растады, - деп жазады Lenta.ru.


АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткен Дональд Трамп CBS News-ке берген сұхбатында жасанды түсік жасау құқығына қарсы екенін растады, - деп жазады Lenta.ru.

Ол жоғары сотқа өзі тағайындайтын судьяның pro-life жақтаушысы, яғни, сәби өмірін сақтайтын болатынын айтты. 

Сайлау алды науқан кезінде-ақ Трамп АҚШ-та жасанды түсік жасатуға тыйым салынған жағдайда, әйел адамды да жазаға тарту керек деп айтқан болатын. Бұл сөздер сынға ұшырап, осыдан кейін Трамп басында айтқан сөзін қайтып алып, жасанды түсік мәселесі штаттар қарауымен шешіліп, ол үшін дәрігерлер жауапқа тартылу керек деп нақтылады. 

АҚШ-та бұл жағдай Жоғары сот қаулысымен 40 жылдан астам уақыт заңдастырылғанымен, жасанды түсікке қарсы тұру консерватив саясаткерлердің маңызды істерінің біріне айналған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети